Сәлеметсіз бе, Сіз Қазақстан Республикасының Президентімен болатын тікелей желіні әзірлеу және өткізу үшін арнайы жасалған сайтта тұрсыз

Жиі кездесетін сұрақтар

Жаңалықтар

"Тікелей желіде - Қазақстан Республикасының Президенті"  жұмыс тобы. 14 қараша 2009 жыл

14.11.2009 09:00
"Тікелей желіде - Қазақстан Республикасының Президенті" жұмыс тобы. 14 қараша 2009 жыл

 
«Тікелей желіде - Қазақстан Республикасы Президенті» тікелей  теледидар эфиріне 10 сағат уақыт қалды және  Сall-орталығына минут сайын көптеп сауалдар келіп түсуде. 2009 жылғы 13 қарашада сағат 08.00-де – 31023 сұрақ келіп түсті.

13.11.2009 08:20
«Тікелей желіде - Қазақстан Республикасы Президенті» тікелей теледидар эфиріне 10 сағат уақыт қалды және Сall-орталығына минут сайын көптеп сауалдар келіп түсуде. 2009 жылғы 13 қарашада сағат 08.00-де – 31023 сұрақ келіп түсті.
Азаматтардан бұрынғыдай заң және құқық тәртібі, халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй құрылысы және ТКШ тақырыптары бойынша сауалдар анағұрлым көп түсуде. Қызықты ұсынысты Сауле деген азаматша жіберді. Ол жобасында адам өмірін жас күйінде сақтау мен адам өмірін ұзартуға қатысты өз жобасын ұсынды. Нұрлан инновация мен технология бойынша Қытайдың тәжірибесінен үлгі алуды ұсынады. Күйеден және көмір қышқыл газінен, канцорегендерді электроэнергияның альтернативтік көздерін қорғау мәселесін шешу жөніндегі бірқатар ғылыми идеялар ұсынылды. Орманды алқапты өрттен қорғау жөніндегі сұрақты Сусанов Юрий қойды. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Боранбаев Мінайдар соғыс ардагерлері бойынша қамқорлық жасағанына алғыстарын айтып, Елбасын немересінің тойына шақырады.

 
«Тікелей желіде - Қазақстан Республикасының Президенті»        Call-орталығына  сауалдардың түсуі жоғарға қарқынмен жалғасуда.

12.11.2009 23:00
«Тікелей желіде - Қазақстан Республикасының Президенті» Call-орталығына сауалдардың түсуі жоғарға қарқынмен жалғасуда.
2009 жылғы 12 қарашадағы сағат 23.00-дегі жағдай бойынша 30117сауал, ал сағат 16.00-дан 23.00-ге дейін 1721 сауал келіп түсті. Мына өңірлердің тұрғындарынан сауалдар анағұрлым көп түскен: Астана (4063), Алматы (2754), Оңтүстік Қазақстан облысы (2497). Ел басының атына көптеп алғыс сөздер келіп түсуде. Айнұр Алдашева (№42220 сұрақ) жастар тәжиірбесіне жұмылдырылған жас оқу бітірушілер атынан елдің ірі компанияларында тәжирбеден өту мүмкіндігі үшін алғыс айтады. Әлімбетовтар отбасы (№42141 сұрақ) Қазақстанда жүргізіліп жатқан тіл саясатын қолдай отырып, өз отбасының мүшелерінің үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқып үйреніп, сөйлейтінін мақтанышпен атап өтті. «Дартс» ағылшын ойынынмен айналысатын қәсіпқой спортшы Алдияр (№42525 сұрақ) Англияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан Республикасы атынан қатысып бірінші орын алуды армандайды. 2009 жылғы “Болашақ” бағдарламасының түлегі Бақбергенов Алмас (№ 42265 сұрақ) Елбасына Ұлыбританияның ең үздік ЖОО-да дәріс алу мүмкіндігі үшін алғыс айтады. 12 жасар қатысушысы Әсел Нұржігітова (№ 41496сұрақ) болашақ мамандығын таңдауда қиналып, «Сіз 12 жасар мектеп оқушысы болсаңыз қандай мамандықты таңдар едіңіз?» деп Елбасына сауал жолдайды. Сонымен қатар республика азаматтары ел экономикасының болашақта дамуы туралы сауалдар жолдауда. Аслан Асқаров ( № 42629 сұрақ) және Берік Әшімов (№ 42797 сұрақ) еліміздің Кедендік одаққа мүше болып кіруінің ел эконмикасына әкелер әсерлері туралы сауал жолдады. Тақырыптық рейтингте бұрынғыша алда: халықты әлеуметтік қорғау -18.5%, тұрғын үй құрылысы және ТКШ-15,1%, заң және құқық тәртібі - 7,8% мәселелері

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен кездесті.

12.11.2009 20:00
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) төрағалығына дайындық барысына қатысты кең көлемдегі мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Марк Перрен де Бришамбоға Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесіне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты. ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы біздің еліміздің алдағы уақытта төрағалық етуі ЕҚЫҰ алдында жаңа көкжиектер ашатынын, ал Қазақстанның тәжірибесі бұл ұйымды дамытуда үлкен септігін тигізетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы бастамасының маңыздылығы туралы пікірін білдірді. - ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу – өте жақсы бастама. Бұл ұйымға жаңа қарқын беріп, тұрақтылықты нығайта түсуді қамтамасыз етеді. Бізге қазірдің өзінде Қазақстан көшбасшысының бастамасына қатысты оң пікірлер келіп түсуде. Бұл бастама кеңінен қолдау табуда және біз оны алға жылжытатын боламыз. Қазақстан өзге елдерге үлгі көрсете алады. Атап айтқанда, бұл Қазақстан көшбасшысының ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы саясатына қатысты,- деп атап өтті Марк Перрен де Бришамбо.

 
Қымбатты қазақстандықтар!

Міне, біз мәреге де жетіп қалдық!
Қазақстан  Республикасының Президентімен өтетін Тікелей желіге  25 сағат қалды.

12.11.2009 17:45
Қымбатты қазақстандықтар! Міне, біз мәреге де жетіп қалдық! Қазақстан Республикасының Президентімен өтетін Тікелей желіге 25 сағат қалды.
Қымбатты қазақстандықтар! Міне, біз мәреге де жетіп қалдық! Қазақстан Республикасының Президентімен өтетін Тікелей желіге 25 сағат қалды. Тұрғындардан әр минут сайын сұрақтар келіп түсуде. Сағат 16:00 – де келіп түскен хаттардың саны 1500-ден асып жығылды. Бүгін біз сіздерге «Президенттік тікелей желінің» Қазақстан халқына нақты көмегі туралы айтқымыз келеді. 2 қараша күні көмек сұрап Сазанбаева Бақыткүл хабарласқан болатын (сұрақ № 3067). Ол «РЕЛЬКА» «Сары-Арқа»ӘӨК» ЖШС-нен 3 айдан бері еңбекақысын ала алмай жүргендігін хабарлаған болатын. Бүгін Бақыткүл Президентке өз алғысын айта отырып, жоғарыда аталған серіктестік еңбекақысын толығымен төлегендігін хабарлады. Сонымен қатар, отандастарымыз өз алғыстарын шығармашылық жолымен де білдіріп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының тұрғыны Қозыбаев Айтмұхамбет өз тілегін былай деп жолдайды: Қиын шақта ел тізгінін қобалжусыз қолға алып, Жаңа сүрлеу болашаққа жаңа даңғыл жол салып. Сүріндірмей ел- жұртымды қайтсем алып жүрем деп, Елестетем,отырдың-ау талай түндер толғанып . Іштей шалқып, көңіл балқып, қуаныштан шаттанып, Қанша жылда қол жеткізген бостандыққа мақтанып. Паш етуге ел-жұртыңның егемен ел болғанын , Алты құрлық араладың арманыңмен аттанып. Еңбегіңмен аянбай-ақ елің үшін төктің тер, Сол үшін де ардақ тұтар бір өзіңді бүкіл ел. Небір қиын кезеңдерден, алып өтіп келесің, Артыңа ерген бұқараңды ақылыңмен кемеңгер. Нұрсұлтан деп, танылды ғой дүниеге қазағым , Ұмыт болды бодандықтан көрген талай азабым. Жүрек толқып қуаныштан жас үйіріліп көзіме , Шабыттанып, өзің жайлы еліме жыр жазамын. Тәуелсіздік туын тіктің, қарашы "АЛЛАҺ" әмірін, Тәуәп етіп, көріп қайттың пайғамбардың қабірін. Қазағымның маңдайына туған жарық жұлдызсың, Бүкіл әлем мойындады, қолда-қорғап, Тәңірім! Әрқашанда өзіңменен бірге халқың, сене бер, Ел тілегі өзің үшін шынайы деп, біле бер. Сарқылмасын бойыңдағы қажыр-қайрат, жігерің, Қазақ елін алға бастап,тек қана алға жүре бер! Ел тізгінін жетелеуде талмасыншы білегің, Халық әр кез ардақтысын қадірлейді, білемін. Бойың сергек, денің сау боп, ғасыр жүгін арқалап, Тоқырамай, ойың өрбіп, тоқтамасын жүрегің!!! Осылайша өзің жайлы толғанамын Нұр-аға, Деп тілеймін:"Бәйтерегім,биіктей бер құлама"! Астанадай қала салып ел еңсесін көтердің, Мәңгі мақтан боларлықтай, болашаққа мұраға! Бүгін Қазақстан Республикасының Президентімен өтетін тікелей желіге жас қазақстандықтар белсенді түрде қатысты. Сарыағаш қаласынан Бетенқұлова Фариза Мемлекет басшысына үш сұрақ қойды. Оның арманы - ғарышкер болу. Ол экология саласындағы өз идеяларымен, мысалы Қазақстанның қуаңшылық өңірлерінде сексеуіл отырғызу сияқты идеясымен бөлісті. Өзінің үшінші сұрағында ол Астана қаласында 2010 жылы ашылуы жоспарланып отырған университет туралы білгісі келетінін жеткізді. 11 сынып оқушысы Серікболсын Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей желісіне 6 рет хабарласты. «Құрметті Президент! Бұл менің № 6 жолдауым. Осыған дейін мен № 1 – Сізбен кездесу; № 2 – В. Путиннің сағаты; № 3 – Гиннес рекорды; № 4 –«Жас Отан» ЖҚ-ы; № 5 –жастарды жұмысқа орналастыру туралы жолдауларды жібердім» – дейді. Өзінің алтыншы сұрағында Серікболсын Құрмет 100 триллион долларды сыйлағысы келеді. «Бұл тамаша банкнота, ол Президенттің халық пен мемлекет тағдырындағы рөлі туралы ойға жетелейді. Мен осы банкнотты көрсеткен кезде, көп адамдар Президентті мақтан тұтатындығы туралы айтады!» (сұрақ № 40204).

Соңғы сұрақтар
    Уважаемый Нурсултан Абишевич, хочу обратить Ваше внимание на проблему детских садов. Очередь в них расписана на несколько лет вперед. Фактически родителям приходиться ЗАПИСЫВАТЬСЯ В ОЧЕРЕДЬ СРАЗУ ПОСЛЕ РОЖДЕНИЯ РЕБЕНКА!!! И даже при этом нет никакой гарантии, что очередь подойдет раньше, чем ребенок пойдет в школу. Есть ли какой-то выход из этой ситуации?
Авторы:   Гульден Абдильдина   07.11.2009 17:29  
(5618)
 
    Здравствуйте. Уважаемый Нурсултан Абишевч, меня зовут Буллер Владимир. Я являюсь гражданином РК, плачу все налоги, хочу дальше жить и работать в Казахстане. В 2006 году я заключил договор долевого участия со строительной компанией Куат - 20-й квартал мкр. Сайран, г. Алматы. Для этого взял кредит в Казкоммерцбанке. Плачу 3 года исправно, нет ни одной задержки. В данный момент фондом Самрук-Казына планируется выделить 20 млрд. тенге на заканчивание строительства объектов строительной компании Куат (Уш-Тобе, 2, 20, 42, 29-2, кварталы) в г. Алматы. Для этого был подписан Меморандум между Фондом Самрук-Казына, Казкоммерцбанком, проектной компанией Global Bildin Contract, акиматом г. Алматы от 21.05.2009. В связи с этим меня и всех долевых участников (1651 семья) интересует следующие вопросы: когда будут перечислены деньги на строительство объектов Сайран, строительная компания Куат - ? Когда будет начато и закончено строительство 2, 20, 42, 29-2, Уш-Тобе кварталов данной строительной компании (Куат) -? Почему за достройку объектов других строительных компаний с долевых участников не требуют доплат, а с долевых участников строительной компании Куат собираются требовать доплаты-? Какое ведомство будет контролировать использование выделенных на строительство объектов строительной компании Куат денег-? Какая ответственность предусмотрена к проектной компании "Global Bilding Contract" и банку "Казкоммерцбанк" за не выполнение обязательств по строительству перечисленных объектов -? Будут ли рефинансированы кредиты на приобретение квартир в вышеперечисленных объектах, т.к. в данный момент жилья не построено, а кредиты оплачивать нет возможности - ? Когда руководство строительной компании Куат будет привлечено к ответственности за содеянные преступления - ? Заранее большое спасибо за ответ. Буллер Владимир.
Авторы:   Буллер Владимир   30.10.2009 22:28  
(5178)
 
    Говорят, что во время приемов президентам подают спиртные напитки. Какие именно Вы предпочитаете?
Авторы:   Бауржан Абильдаев   12.11.2009 16:21  
(5110)



Барлық сұрақтар