Сәлеметсіз бе, Сіз Қазақстан Республикасының Президентімен болатын тікелей желіні әзірлеу және өткізу үшін арнайы жасалған сайтта тұрсыз

Жиі кездесетін сұрақтар

      2009 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары және «Қазақ радиосы» радиосы бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телеэфир, телефон интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады.
    Сіз өз сұрақтарыңызды былайша қоя аласыз:
    - Республика бойынша бірыңғай телефон нөмірі +7 (7172) 555-777;
    - KCell, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысын пайдаланушылар үшін СМС хабарламалары арқылы 1111 нөміріне;
    - Сіз интернет арқылы, осы сайттың тиісті тармағын пайдалана отырып, өзіңіздің бейнесұрағыңызды жолдай аласыз.
    Сіз сонымен қатар, өз сұрағыңызды vopros@akorda.kz электрондық мекенжайына жібере аласыз.
    Байланыстың барлық арналары Сіз үшін тегін және олар республиканың кез келген нүктесінде қолжетімді болады.
    Сұрақтарды қабылдау үшін арнайы Call-орталық құрылған, онда қызметкерлер сұрақтарды 13 қарашаның соңына дейін қабылдайтын болады.
    Келіп түскен барлық сұрақтар «Тікелей желінің» веб-порталына орналастырылып, оларға нөмір беріледі және ашық дауыс берудің қорытындылары бойынша сауалдардың ең өзектілері анықталатын болады. Дауыс беруге кез келген адам қатыса алады.
     «Тікелей желі» барысында жауап берілмей қалған сұрақтарға тиісті мемлекеттік органдардың жауаптары дайындалып, осы сайтқа орналастырылатын болады.
    Баршаңызды «Қазақстан Республикасының Президентімен болатын тікелей желіге» қатысуға шақырамыз.

The Хабарламалар көздері chart showing sources series.



The Облыстар бойынша хабарламалар chart showing regions series.